/KASE, 05.01.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Алматы,
бұдан әрі – компания), Биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің (Ұлттық Банк) 2015 жылдың 21 желтоқсанындағы компанияның
акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекіткені
туралы хатының көшірмесін ұсынды:
Ұсынылған хатқа сәйкес:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 2015 жылдың
08 сәуірінен бастап 07 қазанына дейінгі кезеңде компанияның
акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті;
- Есептік кезеңде банктің акциялары орналастырылымаған,
2015 жылдың 07 қазанындағы жағдай бойынша компанияның
3 884 760 жай акциясы орналастырылмаған, оның жарғылық
капиталы 169 245 580,00 теңге көлемінде қалыптасқан.
Есеп KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/UTMK/utmk_razm_211215.pdf мекен-
жайы бойынша жарияланды.
[2016-01-05]