"Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ MasterCard жүйесінің миллионыншы төлем картасын шығарды

25.12.15 16:21
/KASE, 25.12.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ (Алматы), ресми хатпен Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі - банк) Халықаралық MasterCard төлем жүйесінің (бұдан әрі – төлем жүйесі)1 000 000 (бір миллион) төлем картасын шығарды. Халық Банкі қазақстандық коммерциялық банктер арасында біріншілер қатарында 1994 жылы аталмыш төлем жүйесімен серіктестік құрып, MasterCard-тың негізгі қатысушысы болды. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында: - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_251215.pdf; - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relis_241215_en.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-12-25]