KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
22.12.15 18:04
/KASE, 22.12.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа)
Биржалық кеңесі 2015 жылдың 11 желтоқсанында, KASE мүдделі мәміле
жасасуды, атап айтқанда "Сентрас Секьюритиз" АҚ KASE ерекше
қатынастармен байланысты үлестес тұлға ретінде, мемлекеттік емес
бағалы қағаздардың листингі туралы келісім-шарт жасауды мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың
24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру
депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік
уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді,
қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру
Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған
күні: 2015 жылдың 11 желтоқсаны (Биржалық кеңестің шешімі;
2015 жылдың 11 желтоқсаны № 27 отырыс хаттамасы).
2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды
3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы:
қолданылмайды.
4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге
қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: "Сентрас Секьюритиз" АҚ бағалы
қағаздарының Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде болу тәртібі
мен ақпаратты ашу тәртібін анықтау.
6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 15 желтоқсаны.
"Сентрас Секьюритиз" АҚ Қазақстан Республикасының "Акционерлік
қоғамдар туралы" заңының 64 бабы 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес
Биржамен үлестес тұлға болып табылады.
[2015-12-22]