"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзінің KZP02Y10E812 (KZ2C00003226, KZAGb3) облигациялары бойынша бірінші купонын төлегені туралы хабарлады

21.12.15 11:20
/KASE, 21.12.15/ - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) 2015 жылдың 18 желтоқсанында өзінің KZP02Y10E812 (KZ2C00003226, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, KZAGb3) облигациялары бойынша бірінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 2973505360 теңгені құрады. [2015-12-21]