"Қазақстан Даму Банкі" АҚ өзінің XS0570541317 (XS0570541317, BRKZe6) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

18.12.15 15:15
/KASE, 18.12.15/ - "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) 2015 жылдың 18 желтоқсанында өзінің XS0570541317 (XS0570541317, BRKZe6) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 284618527.5 еуроны, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 277001000.0 еуроны, купондық сыйақысы – 7617527.5 еуроны құрады. [2015-12-18]