"АТФБанк" АҚ клиенттерімен қарым-қатынас жасаудың мүмкіндіктері кеңейгендігі туралы хабарлады

11.12.15 17:51
/KASE, 08.12.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Алматы қ. "Метрополитен" ШЖҚ КМК, MasterCard халықаралық төлем жүйесі және «АТФБанк» АҚ қолдауымен инновациялық жоба қолданысқа енгізілді. Енді жолаушылар Алматы метрополитенінде жолақысын турникеттерде контактісіз төлем жасау технологиясы бар банктік карточкалармен, атап айтсақ MasterCard® төлем жасаудың контактісіз технологиясы көмегімен төлей алады. Жобаны іске асыру барысында Uniteller процессингтік компаниясы және "Электронды жүйелер" ЖАҚ атсалысты. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfb_reliz_111215.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-12-08]