Ұлттық Банк "Айдала Мұнай" АҚ акцияларын 2015 жылдың 03 мамырынан 02 қарашасына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

26.11.15 15:31
/KASE, 26.11.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Айдала мұнай" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) акцияларды орналастыру нәтижелері туралы 2015 жылдың 20 қарашасындағы хатының көшірмесін ұсынды. Ұсынған хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк банктің акцияларын 2015 жылдың 03 мамырынан бастап 02 қарашасына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті; - есептік кезеңде банктің жай акциялары орналастырылған жоқ, оның жарғылық капиталы 122 518 000,00 теңге көлемінде қалыптастырылған. Есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ADLA/adla_razm_201115.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-11-26]