"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі өзінің әкімшіліктік жауапқа тартылғаны туралы хабарлады

25.11.15 17:20
/KASE, 25.11.2015/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2015 жылдың 19 қарашасындағы қаулысымен "Қазақстан Республикасының әкімшіліктік тәртіп бұзушылықтар туралы кодексінің 263 бабында қарастырылған тәртіп бұзушылығы үшін" жаза қолданылып, әкімшіліктік жауапқа тартылғаны туралы хабарлады. [2015-11-25]