"Самұрық-Энерго" АҚ өзінің KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRBG1) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

24.11.15 11:50
/KASE, 24.11.15/ - "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) 2015 жылдың 23 қарашасында өзінің KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRBG1) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 3059100000 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 2970000000 теңгені, купондық сыйақысы – 89100000 теңгені құрады. [2015-11-24]