"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ өзіне қатысты әкімшіліктік жаза қолданылғаны туралы хабарлады

23.11.15 10:21
/KASE, 23.11.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылдың 18 қарашасындағы орталық филиалының шешімімен "Қазақстан Республикасының Әкімшіліктік тәртіп бұзушылықтар туралы кодесінің 244 бабының 1 бөлімі бойынша әкімшіліктік жауапқа тартылып, ескерту түрінде әкімшіліктік жаза қолданылғаны" туралы хабарлады. [2015-11-23]