"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі Fitch Ratings агенттігінің банктің рейтингілік бағасын және оның облигацияларын растағаны туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

20.11.15 12:40
/KASE, 20.11.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ (Алматы, одан әрі – Банк), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... ... Fitch рейтингілік агенттігінің 18.11.2015ж. жағдайы бойынша Банктің төмендегі несие рейтингтері расталды: Эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингі (ЭДР) шет елдік және ұлттық валютамен "В" деңгейінде расталған, болжам "Тұрақты". ЭДР қысқа мерзімді рейтингі шет елдік валютамен "В" деңгейінде расталды. Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг "BB+(kaz)" деңгейінде расталды, болжам "Тұрақты". Тұрақтылық рейтингі "b" деңгейінде расталды. Қолдау рейтингі "4" деңгейінде расталды. Қарыздың қамтамасыз етілмеген рейтингі "B" деңгейінде (НИН KZP01Y03E546, ISIN KZ2C00002442; НИН KZP01Y05E657, ISIN KZ2C00002517 Банктің облигациялары). Ұлттық рейтинг деңгейі "BB+(kaz)" расталды. ... [2015-11-20]