"Интергаз Орталық Азия" АҚ өзінің US45867EAB20 (USN45748AB15, INCAe2) облигациялары бойынша 17-ші купонын төлегені туралы хабарлады

19.11.15 17:35
/KASE, 19.11.15/ - "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) 2015 жылдың 13 қарашасында өзінің US45867EAB20 (USN45748AB15, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, INCAe2) облигациялары бойынша 17-ші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 17212500 АҚШ долларын құрады. [2015-11-19]