"Phystech II" АҚ KZ1C60060015 (KZ1C00001148, PHYS) жай акциялары 16 қарашадан бастап екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

16.11.15 15:14
/KASE, 16.11.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 15 қазанындағы шешімімен "Phystech II" АҚ (Актау) жай акциялары екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның бұл шешімі аталмыш эмитенттің Биржаның (KASE) "Листингілік ережелер" ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағы 2) тармағындағы талаптарды орындауына байланысты 2015 жылдың 16 қарашасынан бастап күшіне енді. Биржаға осы акциялармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады. "Phystech II" АҚ қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға PHYS қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат жуырда KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/PHYS мекен-жайында жарияланады. [2015-11-16]