13 қарашадан бастап KASE қайталама нарық секторында "Ақтөбе мұнай өңдеу" ЖШС KZP02Y04F069 (KZ2P00003403, AKNPb2) және KZP03Y05F064 (KZ2P00003411, AKNPb3) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады

12.11.15 17:48
/KASE, 12.11.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2015 жылдың 13 қарашасынан бастап KASE қайталама нарық секторында Ақтөбе мұнай өңдеу" ЖШС (Ақтөбе) төмендегі облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады. - KZP02Y04F069 (KZ2P00003403, KASE ресми тізім, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, AKNPb2, 10,0 мың теңге, 500,0 млн теңге; 18.08.15 – 18.08.19, тиянақталған жартыжылдық купон, жылдық 16,0 %, 30/360); - KZP03Y05F064 (KZ2P00003411, KASE ресми тізім, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, 10,0 мың теңге, 500,0 млн теңге; 18.08.15 – 18.08.20, тиянақталған жартыжылдық купон, жылдық 16,0 %, 30/360). KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне екінші санаты бойынша 2015 жылдың 18 тамызынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/AKNP мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-11-12]