2015 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан қор биржасындағы шетел валюталарының сауда-саттығының көлемі 2,4 есеге өсіп, 55,6 трлн теңгені ($279,2 млрд) құрады
04.11.15 10:37
/KASE, 04.11.15/ – 2015 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан қор
биржасының (KASE) валюталық своп операцияларын қоса есептегенде,
шетелдік валюталармен сауда-саттық көлемі 55 639,0 млрд теңгені
(баламасы 279 166,8 млн АҚШ долларына тең) құрады және 2014 жылмен
салыстырғанда 2,4 есеге (долларлық көрсетілімде 2,1 есеге) өсті.
2014 жылдың сәуір-желтоқсан айымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі
93,5 % (долларлық көрсетілімде 83,0 % есеге) өсті.
Төмендегі кестеде биржадағы 2015 жылдың айларына бөлінген шетел
валюталары нарығының көрсеткіштер кестесі айларға, валюталарға және
мәмілелер түрлері бойынша бөлініп, және 2014 жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырмалы түрде берілген.
----------------------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық көлемі
----------------------------------------------------------------------------
спот-нарығы, млн своп-нарығы, млн бәрі, бәрі,
Жыл --------------------------------------- ------------------- млрд млрд
ай USD/KZT EUR/KZT EUR/USD RUB/KZT СNY/KZT USD/KZT EUR/KZT KZT USD
----------------------------------------------------------------------------
2015, I 4685,2 1,7 0 1954,8 1,4 44103,6 0 8978,8 48820,7
2015, II 5538,6 1,5 0 2939,0 3,3 47582,0 0 9832,6 53168,5
2015, III 3380,1 1,5 0 1233,0 3,7 24166,2 0 5109,0 27569,0
2015, IV 5808,0 1,1 0 2221,2 1,9 21786,9 0 5133,8 27638,7
2015, V 3896,3 0,8 0 1116,7 0,1 17639,5 0 4005,8 21559,0
2015, VI 4360,0 3,8 0 1300,9 9,8 13215,3 0 3275,4 17605,1
2015, VII 5814,0 3,5 0 1004,3 4,2 14399,0 0 3782,3 20235,0
2015, VIII 4592,5 1,8 0 1099,3 7,8 16551,7 0 4392,3 21164,0
2015, IX 3651,3 4,4 0 2406,3 6,6 15343,4 0 4944,8 19036,9
2015, X 6245,1 9,9 0 799,4 3,6 16100,4 0 6184,2 22369,9
----------------------------------------------------- -----------------------------------
БАРЛЫҒЫ 47970,9 29,9 0 16074,9 42,3 230888,0 0 55639,0 179166,8
----------- ------- ------- ------- ------- -------- -------- --------- ------- --------
2014, I–X 69590,2 79,7 0 5785,4 0,3 61359,3 755,0 23586,1 132254,8
тренд, % -31,1 -62,5 X +177,9 +16 820,0 +276,3 -100,0 +135,9 +111,1
----------------------------------------------------------------------------------------
05.01.15 бастап 30.10.15 дейінгі кезеңде KASE негізгі (таңертеңгілік) сауда-
саттық сессиясында жасалған барлық мәмілелер бойынша есептелген,
теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына
203,61 теңгені, барлық биржалық мәмілелер бойынша бір долларға 214,77
теңгені құрады.
[2015-11-04]