"Казкоммерцбанк" АҚ өзінің XS0234488236 (US48666QAA40, KKGBe8) халықаралық облигацияларын өтегені туралы хабарлады

03.11.15 17:25
/KASE, 03.11.15/ - "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) 2015 жылдың 03 қарашасында өзінің XS0234488236 (US48666QAA40, KKGBe8) халықаралық облигацияларын өтегені, сондай-ақ,өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 305, 843, 200.00 еуроны, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 294, 080, 000.00 еуроны, купондық сыйақысы – 11, 763, 200.00 еуроны құрады. [2015-11-03]