2015 жылдың 30 қарашасында "Manhattan Residence" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді
28.10.15 17:11
/KASE, 28.10.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Manhattan Residence" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
2015 жылдың 30 қарашасында сағат 15:00-де акционерлердің кезектен
тыс жалпы жиналысы келесідей күн тәртібінде өтетіні туралы хабарлады:
- компания атауы өзгеруі:
- компанияның заңды мекен-жайын өзгерту;
- компанияның жарғысын жаңа редакцияда бекіту,
- компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрн
тоқтату;
- Компанияның жаңа Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау.
Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Жандосов көш., 61 а, 40 кеңсе мекен-
жайында болып өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 14:00-де
басталады.
Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2015 жылдың
25 қарашасындағы жағдай бойынша құрастырылады.
Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама
жиналысы 2015 жылдың 01 желтоқсанында жоғарыда аталған мекен-жай
бойынша, сол уақытта болып өтеді.
Акционерлер күн тәртібіндегі сұрақтардың материалдарымен Алматы қ.,
Жандосов көш., 61 а, 40 кеңсе мекен-жайы бойынша таныса алады.
[2015-10-28]