"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің құрамының өзгергені туралы хабарлады

28.10.15 12:07
/KASE, 28.10.2015/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), биржаға жолдаған реми хатында "2015 жылдың 26 қазанынан бастап Директорлар кеңесінің жазбаша ескертпесі негізінде "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры ретінде Наль Абдиашим Закировичтің өкілеттілігі мерзімнен бұрын тоқтатылды" деп хабарлады. [2015-10-28]