"AltynEX Company" АҚ KZ1C60080112 (KZ1C00001171, ATEC) жай акциялары 27 қазаннан бастап екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

27.10.15 17:32
/KASE, 27.10.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 15 қазанындағы шешімімен "AltynEX Company" АҚ KZ1C60080112 (ISIN – KZ1C00001171) жай акциялары екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның бұл шешімі аталмыш эмитенттің Биржаның (KASE) "Листингілік ережелер" ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағы 2) тармағындағы талаптарды орындауына байланысты 2015 жылдың 27 қазанынан бастап күшіне енді. Биржаға осы акциялармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады. "AltynEX Company" АҚ қаржылық кеңесшісі "RESMI" Инвестициялық қаржы Үйі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға ATEC қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат жуырда KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ATEC мекен-жайында жарияланады. [2015-10-27]