"Еуразиялық банк" АҚ өзінің KZP02Y07D257 (KZ2C00001220, EUBNb9) облигацияларын өтегені туралы хабарлады
23.10.15 16:45
/KASE, 23.10.15/ - "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) 2015 жылдың 22 қазанында
өзінің KZP02Y07D257 (KZ2C00001220, EUBNb9) облигацияларын өтегені, сондай-ақ,
өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені
туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы
сомасы 21 268 421 365,50 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың
(облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 19 970 348 700,00 теңгені,
купондық сыйақысы – 1 298 072 665,50 теңгені құрады.
[2015-10-23]