Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

21.10.15 10:25
/KASE, 21.10.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C32600013 жай акцияларының жалпы саны 100 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 10 000 дана; - компанияның 78 414 жай акциялары орналастырылған, компанияның артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға VENUS AIRPORT INVESTMENTS B.V. (Амстердам, Нидерландылар Корольдігі) болып табылады. [2015-10-21]