/KASE, 20.10.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік
комиссиясының 2015 жылдың 15 қазанындағы шешімімен
"СОКОЛОВКА" АҚ KZ1C60100019 (ISIN – KZ1C00001189) жай акциялары
екінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.
Листингілік комиссияның бұл шешімі аталмыш эмитенттің Биржаның (KASE)
"Листингілік ережелер" ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағы
2) тармағындағы талаптарды орындауына байланысты 2015 жылдың
19 қазанынан бастап күшіне енді.
Биржаға осы акциялармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша
хабарланады.
"СОКОЛОВКА" АҚ қаржылық кеңесшісі "Еуразиялық Капитал" АҚ
(Алматы) болып табылады.
Аталмыш акцияларға SKLK қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат жуырда KASE
интернет-сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/SKLK
мекен-жайында жарияланады.
[2015-10-20]