"Казкоммерцбанк" АҚ Тараз қаласындағы халықаралық әуежай терминалы құрылысының банктің қаржыландыруымен аяқталғаны туралы хабарлады

16.10.15 12:33
/KASE, 16.10.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы, одан әрі- банк), биржаға баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазкоммерцбанктің қаржылай қолдауымен Тараз қаласында "Әулие-Ата" халықаралық әуежайы жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталды. Құрылыс әуежайды жөндеудің ірі жобасы аясында іс-жүзіне асты. Жобаның жалпы құны 1,425 млрд теңгені құрады, оның 800 млн теңгесін Қазкоммерцбанк ұсынды. Қаражат жеті жылға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры мемлекеттік бағдарламасының (6 транш) шеңберінде номиналдық жылдық 6% -бен бөлінді. цитата соңы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасында KASE интернет-сайтында төмендегі мекен-жайларында танысуға болады. - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_161015.pdf - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_161015_en.pdf [2015-10-16]