"Phystech II" АҚ KZ1C60060015 (KZ1C00001148, PHYS) жай акциялары Қазақстан қор биржасында екінші санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

16.10.15 12:03
/KASE, 16.10.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 15 қазанындағы шешімімен "Phystech II" АҚ (Ақтау) KZ1C60060015 (ISIN – KZ1C00001148) жай акциялары KASE ресми тізіміне екінші санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне енуі туралы эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Биржада аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2015 жылдың 14 тамызында бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "Phystech II" АҚ 18 500 000 жай акцияға бөлінді, оған KZ1C60050016 ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне KZ1C60060015 енгізілді. "Phystech II" АҚ қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға PHYS қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. "Phystech II" АҚ негізгі қызмет түрі – геологиялық барлау, іздестіру жұмыстарын жүргізу және өндіруді жүзеге асыру, мұнай кен орындарын барлау , мұнай және газды өндіру болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2015-10-16]