"AltynEX Company" АҚ KZ1C60080112 (KZ1C00001171, ATEC) жай акциялары Қазақстан қор биржасында екінші санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

16.10.15 11:43
/KASE, 16.10.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 15 қазанындағы шешімімен "AltynEX Company" АҚ (Ақтөбе обл) KZ1C60080112 (ISIN – KZ1C00001171) жай акциялары KASE ресми тізіміне екінші санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне енуі туралы эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Биржада аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2015 жылдың 27 тамызындағы бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "AltynEX Company" АҚ 111 000 жай акцияға бөлінді, оған KZ1C60080112 ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне A6008 енгізілді. "AltynEX Company" АҚ қаржылық кеңесшісі "RESMI" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға ATEC қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. "AltynEX Company" АҚ негізгі қызмет түрі – пайдалы қазбаларды барлау және өндіруді сату болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2015-10-16]