"Самұрық-Энерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
15.10.15 14:35
/KASE, 15.10.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы
жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C55410019 жай акцияларының жалпы саны 5 602 187
дана;
- компанияның 5 585 723 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып
табылады.
[2015-10-15]