"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

12.10.15 11:19
/KASE, 12.10.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C45210016 жай акцияларының жалпы саны 94 227 371 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2015-10-12]