"Ай Қараауыл" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
07.10.15 09:32
/KASE, 07.10.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Ай Қараауыл" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C59710018 жай акцияларының жалпы саны 150 000
дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға Д.А.Ыдырысов болып табылады.
[2015-10-07]