"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

05.10.15 10:04
/KASE, 05.10.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C00160016 жай акцияларының жалпы саны 160 240 дана; - банктің 34 890 жай акциялары орналастырылған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға ООО "ХОУМ КРЕДИТ ЭНД ФИНАНС БАНК" (Мәскеу, Ресей Федерациясы) болып табылады. [2015-10-05]