2015 жылдың 19 қазынында "БАСТ" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

02.10.15 14:30
/KASE, 02.10.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан "БАСТ" АҚ (Шығыс Қазақстан обл., бұдан әрі – компания), Биржаға 2015 жылдың 19 қазанында сағат 11:00-де келесідей күнтәртібімен компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын мәлімдеді: компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне өзгертулер мен толықтырулар; - компанияның Директорлар кеңесін қайта сайлау туралы; - Компания директорлар кеңесінің жаңа мүшелеріне сыйақы көлемін бекіту. - "Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және өтемақы туралы ережесін" бекіту туралы. Аталмыш жиналыстың өтетін мекен-жайы: Алматы қ.,Достық даңғ., 134, 6 қабат. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:30-дан басталады. Аталған жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2015 жылдың 17 қыркүйегіндегі жағдай бойынша құрылған. Кворум жиналмаған жағдайда, компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 20 қазынында сол уақытта жоғарыда көрсетілген мекен-жайда өтеді. Акционерлер осы жиналыстың күнтәртібіндегі мәселелерге қатысты материалдармен 2015 жылдың 09 қазанына дейін келесі мекен-жай бойынша таныса алады: Алматы қ.,Достық даңғ., 134, 6 қабат. Байланыстағы тұлға: корпоративтік хатшы Исмағұлова Амангүл, тел. 7 (727) 330 98 73, e-mail: a.moldabayeva@rcg-ia.com" [2015-10-02]