"Punjab National Bank" - Қазақстан" Еншілес Банкі АҚ Е. Б. Шәйкеновті Банк Басқармасының төрағасы етіп сайлағаны туралы және Басқарма құрамындағы өзгерістер мен акционерлерінің 2015 жылдың 28 қыркүйегіндегі жалпы жиналысының шешімі туралы хабарлады

01.10.15 18:00
/KASE, 01.10.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Punjab National Bank" - Қазақстан" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына ресми хатпен төмендегені хабарлады: ... "PNB»-Қазақстан" ЕБ" АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылы 28 қыркүйекте қабылдаған №18 шешіміне сәйкес Банктің Басқарма Төрағасы болып Шайкенов Ержан Блокович тағайындалды. Оған дейінгі Басқарма Төрағасының қызметін атқарған Нирмал Кумар Сингх мырза Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі болып тағайындалды. Басқарма мүшесі Санджив Кумар мырзаның өкілеттігі тоқтатылды. Сонымен қатар Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының нәтижесі бойынша Кумаран Тхягараджан мырзаның өкілеттігі тоқтатылып, Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып Шайкенов Ержан Блокович мырза тағайындалды. ... [2015-10-01]