Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ KZP01Y05E657 (KZ2C00002517, HCBNb2) облигацияларын 2015 жылдың 12 ақпанынан 11 тамызына дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

21.09.15 15:40
/KASE, 21.09.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2015 жылдың 15 қыркүйегінде KZP01Y05E657 (KZ2C00002517, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, HCBNb2) облигацияларын 2015 жылдың 12 ақпанынан 11 тамызына дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту туралы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес есептік кезеңде аталмыш облигациялар орналастырылған жоқ, 2015 жылдың 11 тамызындағы жағдайы бойынша 8 231 498 облигациялар орналастырылмаған. Есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HCBN/hcbn_razmb2_150915.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-09-21]