"КазАгро" Ұлттық басқарушы корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

16.09.15 17:36
/KASE, 16.09.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы корпорациясы" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасына «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша Ресей Федерациясынан жалпы құны 140 млрд. теңгеге 8 мың бірлік түрлі ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары жеткізілді. Бұл туралы XII Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығы форумы барысында "ҚазАгро" холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов айтты. Қазақстандық даму институтының басшысы атап өткендей, осы бағыттағы Ресейдің ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын шығаратын зауыттарымен ынтымақтастықты "ҚазАгро" ұлттық холдингінің еншілес компаниясы - "ҚазАгроҚаржы" АҚ жүзеге асырады. Осы уақыттағы ресейдің машина жасаушыларының өнімдері Қазақстанға техника жеткізуші компаниялардың жалпы көлемінің 23%-ын құрайды. Жалпы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша республиканың агроқұрылымдары мен шаруашылықтарының 33 мың бірліктен астам ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарды сатып алуы қаржыландырылды, ол елімізге жеткізілетін техниканың жалпы көлемінің 55%-дан астамын құрайды. цитата соңы Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_160915.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-09-16]