"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Ақтөбе қаласында рельстердің және қалыпқа салып илемдеудің сапасын тексеруге арналған лабаратория ақшқаны туралы хабарлады

16.09.15 17:26
/KASE, 16.09.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Ақтөбе қаласында рельстер мен қалыпқа құйып илемдеудің сынақтарын жүзеге асыратын Қазақстандағы бірінші аттестаттау орталығы болатын сынақ зертханасы өз жұмысын бастады. Бұл Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығында тиісті аттестат алғаннан кейін іске асты. Зертхана "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның еншілес құрылымы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-мен (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) қаржыландырылған Ақтөбе рельс арқалық зауытының (АРАЗ) құрылысы жобасының бір бөлігі болып табылады. АРАЗ-ды пайдалануға тапсыру биылғы жылдың соңында жоспарланып отыр. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_160915.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-09-16]