2015 жылдың 17 қыркүйегінде KASE қайталама нарығында "Ақтөбе мұнай өңдеу" АҚ KZP01Y03F063 (KZ2P00003395, AKNPb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

16.09.15 12:25
/KASE, 16.09.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының шешімімен "Ақтөбе мұнай өңдеу" АҚ (Ақтөбе) KZP01Y03F063 (KZ2P00003395, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, AKNPb1, 10,0 мың теңге, 500,0 млн теңге; 18.08.15 – 18.08.18, тиянақталған жартыжылдық купон, жылдық 16,0 %, 30/360) облигацияларымен қайталама сауда саттық нарығында сауда-саттық ашылады. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар ұстаушысы "Астана-Инвест" Инвестициялық Қаржы үйі АҚ (Алматы). Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "өзге борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша 2015 жылдың 18 тамызынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/bonds/show/AKNPb1 мекен-жайы бойынша жарияланған. [2015-09-16]