KASE индекстелмеген МБҚ нарықтық бағалауын жасау үшін өкілетті іріктелім параметрлерін өзгертті

07.09.15 17:49
/KASE, 07.09.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2015 жылдың 07 қыркүйегінде Индекстер мен бағалы қағаздарды бағалау жөніндегі комитет (бұдан әрі – Комитет), екінші топқа кіретін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын (бұдан әрі – МБҚ) нарықтық бағалауын жүзеге асырғанда 2015 жылдың 03 қыркүйегінде келесі бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің параметрлерін ескермеу туралы шешім қабылдады: - төртінші шығарылым МЕУКАМ-96 (KZKDKY080049) кірістілігі жылдық 241,54 % саны екі МБҚ; - екінші шығарылым МЕУКАМ-156 (KZKDKY130026) кірістілігі жылдық 72,68 % саны бір МБҚ. Бұл шешім аталмыш облигациялардың нарықтық дейгейден айтарлықтай және негізсіз ауытқуына, сондай-ақ осы параметрлердің нарықтық бағалау нәтижелеріне елеулі ықпалын тигізуіне байланысты қабылданды. Қосымша хабарлаймыз: 2015 жылдың 01 қыркүйегінде бірінші топтағы МБҚ (өтеу мерзімі 3 500 күнге дейін) МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру мақсатында осылармен, бағалауға дейінгі 360 күнтізбелік күн барысында жасалған, мәмілелердің параметрлері қолданылды. Бұл ретте Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінің (бұдан әрі – Әдістеме) 20 тармағының 2тармақшасына сәйкес, осы топқа кіретін, МБҚ үшін Базалық кезеңге 25 нәтижелі күннен кем емес кезең кіруі тиіс. Осыға байланысты, 2015 жылдың 01 қыркүйегінен бастап бірінші топтағы МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру үшін Базалық кезеңдегі нәтижелі күндерді саны 24 күнді құрайтын болғандықтан, Әдістеменің 40 тармағының 2 тармақшасы негізінде Комитет осы топтағы МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру үшін Базалық кезеңге кіретін 360 күнтізбелік күн барысында жасалған барлық мәмілелердің параметрлерін қолдану туралы шешім қабылдады. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/met_ocen_zb.pdf мекен-жайында жарияланған. Әдістемеге және нарықтық бағаларды есептеу тәртібіне байланысты сұрақтар бойынша KASE Ақпарат және статистика департаментіне хабарласуларыңызға болады, тел.: (727) 237 53 18 немесе e-mail: info@kase.kz. [2015-09-07]