"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 4,1 млрд теңгеге кепілдік алғаны туралы хабарлады

02.09.15 17:25
/KASE, 02.09.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы, одан әрі цитатада – Банк), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... Бүгінгі таңда Сбербанк қазақстандық банктер арасында субсидиялау бойынша бірінші орын алады және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы аясында берілген "Даму" КДҚ кепілдіктерінің көлемі 4,1 миллиард теңге. Бұл қазақстандық банктер берген "Даму" қоры кепілдіктері көлемінің 17,7% құрайды. Сбербанк өңдеуші кәсіпорын, көлік және қойма жұмысы, тұру және тамақтану бойынша қызметтер, ауылшаруашылық, орман және балық шаруашылығы салаларында жұмыс жасайтын қазақстандық екі жүзден астам кәсіпорын бойынша барлығы 235 кепілдік алды. "Елдің экономикасымен қатар өсу және даму – бұл кез келген бизнестің табысты болу қағидаларының бірі. Қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсету Сбербанк жұмысының басымды бағыттарының тізіміне енгізілген. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру бизнесмендерге өндіріс қуатын ұлғайтуға және бәсекеге қабілетті болуына үлкен мүмкіндік береді. Қазақстандағы бизнестің дамуына ынталандыру бағдарламаларына бұдан былай да қатысуға біз дайынбыз", - деп атап өтті "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов. Сбербанк "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасына 2010 жылдан бастап қатысуда. Осы уақыт аралығында жалпы сомасы 170,9 млрд.теңгедегі 666 жоба мақұлданды, алынған субсидия көлемі 19 млрд.теңгені құрады. ... [2015-09-02]