"Қазкоммерц Секьюритиз" АҚ ( "Қазкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) Қазақстан қор биржасында "Интергаз Орталық Азия" АҚ USN45748AB15, US45867EAB20 (INCAe2) халықаралық облигациялары бойынша маркет-мейкер мәртебесіне ие болды

01.09.15 17:49
/KASE, 01.09.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "Қазкоммерц Секьюритиз" АҚ ( "Қазкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) өзінің өтінімі негізінде 2015 жылдың 04 қыркүйегінен бастап "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Алматы) USN45748AB15, US45867EAB20 (KASE ресми тізімі, "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, INCAe2) облигациялары бойынша Биржада (KASE) маркет-мейкер мәртебесіне ие болды. [2015-09-01]