"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен шағын және орта бизнес субъетілерін жеңілдікті несиелендіру бойынша келісім жасағаны туралы хабарлады

26.08.15 16:24
/KASE, 26.08.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), офиресми хатпен төмендегні хабарлады: цитата басы Кәсіпкерлерді кредиттеу Астана және Алматы қалаларындағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру бойынша мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жүргізіледі. "Сбербанк" АҚ ЕБ "Даму" КДҚ-мен аталған бағдарламаларға қатысу туралы келісімдерді жасады Келісімдердің талаптарына сәйкес Астананың ШОБ субъектілерін қаржыландыруға 750 млн.теңге және Алматы қ. кәсіпкерлерін қаржыландыруға 900 миллион теңге аударылады. Астананың кәсіпкерлері жылдық 7,6% аспайтын мөлшерлемесімен жеңілдікті кредит ала алады. Заемның ең көп сомасы - 200 миллион теңге, айналымдағы қаражатты толықтыруға 3 жыл мерзімге және негізгі құралдарды сатып алуға және жаңартуға 7 жыл мерзімге дейін. Алматының кәсіпкерлері 6,75% жеңілдікті кредит ала алады. Заемның ең көп сомасы 180 миллион теңге. Кредиттеу мерзімі мақсатты тағайындалуына байланысты: негізгі қаражаттарды толықтыруға 3 жылға дейін, негізгі құралдарды сатып алуға және жаңартуға 7 жылға дейін. "Сбербанк бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларына үнемі қатысып отырады. Аталған бағдарламалардың іске асырылуы Астана және Алматы кәсіпкерлеріне өз экономикалық әлуетін жүзеге асыруға және қызметтің жаңа бағыттарын дамытуға қосымша мүмкіндіктер беретіндігіне сенімдіміз»,- деп атап өтті "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов. цитата соңы [2015-08-26]