/KASE, 21.08.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), Қазақстан қор
биржасына (KASE), ақпараттық хабарлама ұсынды.
...
...2015 жылдың 20 тамызында "Банк ЦентрКредит" АҚ (БЦК) қоғамына
Еуропалық Даму және Қайта құру банкінен бес миллиард теңге көлемінде
екінші Транш алғаны туралы хабарлады. Аталмыш Транш ЕДжҚҚ несиесі
аясында 5 жыл мерзімге, екі жыл жеңілдік кезеңін қоса есептегенде микро,
шағын және орта бизнес (МШжОБ) қаржыландыру үшін, 10 миллиард теңге
көлемінде берілді. Қарыз шарттарына сәйкес несие қаражатының 60 пайызы
Астана және Алматы қалаларының шет жағын қаржыландыруға
бағытталады.
БЦК және ЕДжҚҚБ арасындағы несие келісіміне 2014 жылдың 23
желтоқсанында қол қойылып, алғашқы траншты 2015 жылдың 20 қаңтарында
алды.
Қарыз "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ кепілдігімен БЦК ішкі әлеуетін
нығайту мақсатында берілді және ЕДжҚҚБ бағдарламалық техникалық
көмегімен жүргізіледі.
...
Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет-
сайтында
http://www.kase.kz/ru/news/show/1267374 мекен-жайында танысуға
болады.
[2015-08-21]