Ұлттық банк "Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы "Халык - Казахинстрах" АҚ 2015 жылдың 09 қаңтарынан 08 шілдесіне дейінгі кезеңге акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті

19.08.15 17:57
/KASE, 19.08.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы "Халык - Казахинстрах" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), Биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2015 жылдың 17 тамызындағы компанияның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекіткені туралы хатының көшірмесін ұсынды: Берілген хатқа сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 2015 жылдың 09 қаңтарынан 08 шілдесіне дейінгі кезеңге компанияның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті; - Есептік кезеңде банктің акциялары орналастырылмаған, 2015 жылдың 08 шілдесіндегі жағдайы бойынша компанияның 87 204 жай акциялары орналастырылған, оның жарғылық капиталы 4 587 895 000,00 теңге көлемінде қалыптасты. "Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы "Халык - Казахинстрах" АҚ қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аталмыш акцияларды орналастыру қорытындысы туралы ресми хатын ұсынды, ол KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZIS/kzis_razm_170815.pdf мекен- жайында жарияланған. [2015-08-19]