"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Loan Market Association құрамына кірді

19.08.15 12:13
/KASE, 19.08.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... "Байтерек" ҰБХ" АҚ еншілес құрылымы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) халықаралық Несие нарықтар қауымдастығына (Loan Market Association, бұдан әрі – LMA) кірді. Оның қызметі ең алдымен Еуропаның, Таяу Шығыстың және Африканың бірлестірілген қарыздар нарықтарының тиімділігін, анықтылығын және өтімділігін арттыруға бағытталған. Бұл қадам Банкпен инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыруды енгізу шеңберінде жасалды. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_180815.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-08-19]