KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOD = 188,38 (+0,03), CNYKZT_TOD – сұраным 29,4900

19.08.15 11:17
/KASE, 19.08.2015/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 19 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 188,38 теңгені (+0,03 теңге), ал сауда-саттық көлемі – 161 500 (+48 000 мың USD) мың АҚШ долларын құрады. Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылу сәтінде сұраныс ұсыным болмаған жағдайда бір юаньға 29,4900 теңгені құрады. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді. [2015-08-19]