"Актобе нефтепереработка" ЖШС KZP01Y03F063 (KZ2P00003395, AKNPb1), KZP02Y04А069 (KZ2P00003403, AKNPb2) және KZP03Y05F064 (KZ2P00003411, AKNPb3) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

17.08.15 12:10
/KASE, 17.08.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 03 тамызындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "Ақтөбемұнай өңдеу" ЖШС (Ақтөбе) KZP01Y03F022 (KZ2C00003366; 100 теңге, 1,3 млрд теңге; 3 жыл; тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %, 30/360) облигациялары енгізілді. - KZP01Y03F063 (KZ2P00003395; 10,0 мың теңге, 500,0 млн теңге; 3 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 16,00 %, 30/360); - KZP02Y04А069 (KZ2P00003403, 10,0 мың теңге, 500,0 млн теңге; 4 тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 16,00 %, 30/360); - KZP03Y05F064 (KZ2P00003411, (KZ2P00003403, 10,0 мың теңге, 500,0 млн теңге; 5 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 16,00 %, 30/360). - Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2015 жылдың 04 тамызында тіркелген, "Актобе нефтепереработка" АҚ облигацияларының шығарылымы KASE листинг процедурасынан өткен, жалпы сомасы 1,5 млрд тенгеге аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының бірінші және үшінші шығарылымы болып табылады. "Актобе нефтепереработка" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше AKNPb1, AKNPb2 және AKNPb3 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "Актобе нефтепереработка" ЖШС негізгі қызметі – мұнайды өңдеу және сату. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2015-08-17]