KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOD = 188,35 (+0,30), CNYKZT_TOD = 29,2600 (+0,0500)
17.08.15 11:18
/KASE, 17.08.2015/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0
теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен
(EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен
(EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD)
қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы
құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE
валюта нарығының 176 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы
бір долларға 188,35 теңгені (+0,30 теңге), ал сауда-саттық көлемі –
139 300 (+27 800 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша
мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған
жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Сессияның жабылу сәтінде сұраныс бір юаньға 29,2600 (+0,0500 теңге),
теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 200 мың юань (-1 400 мың юань).
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік
сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік
сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе
олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.
[2015-08-17]