"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Fitch Ratings агенттігі KZP02Y10E812 (KZ2C00003226, KZAGb3) облигацияларына "ВВВ+" деңгейінде рейтингілік баға бергені туралы хабарлады

17.07.15 17:59
/KASE, 17.07.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Биржаға (KASE) ресми хат жолдап, "Fitch Ratings рейтингілік агенттігі "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (ҰСН: KZ2C00003226) облигацияларына "ВВВ+" деңгейінде рейтинг бергені" туралы хабарлады. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ ұсынған аталыш хат пен Fitch Ratings агенттігінің 2015 жылдың 16 шілдесіндегі есебі KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_160715.pdf мекен- жайы бойынша орналасқан. [2015-07-17]