ВТБ Банкі АҚ (Қазақстан) еншілес ұйымы Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

27.07.15 17:48
/KASE, 27.07.2015/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ВТБ Банкі АҚ (Қазақстан) еншілес ұйымы (Алматы), Биржаға (KASE) ресми хат жолдап, Директорлар кеңесінің 2015 жыддың 21 шілдесіндегі шешімдері туралы хабарлады: цитата басы Банк Басқармасының құрамына үш адам белгіленді. Банк Басқарма Төрағасының міндеттерін орындаушы, Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасарының – Басқарма Мүшесі, Бас комплаенс- бақылаушы Александр Викторович Костянның міндеттері 2015 жылдың 21 шілдесінен бастап тоқтатылды. 2015 ж. 22 шілдесінен бастап Банктің Басқарма Төрағасы ретінде Александр Викторович Костян сайланды. цитата соңы [2015-07-27]