2015 жылдың 26 тамызында "Атамекен-Агро" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді
24.07.15 16:00
/KASE, 24.07.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау, бұдан әрі –
компания), Биржаға (KASE) 2015 жылдың 26 тамызында сағат 15:00-де
компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатыны туралы
мәлімдеді, күн тәртібінде:
- компанияның 2014 жылдағы жылдық қаржылық есеп берушігін бекіту
туралы;
- компанияның 2014 жылдағы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту,
компанияның жай акциялары бойынша 2014 жылға дивидендтер төлеу
жайында шешім қабылдау туралы және 2014 жылдағы компанияның бір
жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;
- компанияның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеуді
бастайтын кнді анықтау туралы;
- компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы;
- компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің уәкілеттіктерін мерзімінен
бұрын тоқтату туралы;
- компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы;
- компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің уәкілеттіктері мерзімін
анықтау туралы;
- компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері
мен шарттарын анықтау туралы және компанияның Директорлар
кеңесінің мүшелері өз міндеттерін орындағандары үшін шығындарын
өтеу туралы;
- компанияның 2015 жылдағы аудитін жасайтын аудитрлық компанияны
анықтау туралы.
Аталмыш жиналыстың өтетін мекен-жайы: Ақмола облысы, Көкшетау қ.,
жаңа ет комбинаты ауданы, 30. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу
сағат 14:00-ден басталады.
Аталған жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2015 жылдың
10 тамызындағы жағдай бойынша құрылады.
Кворум жиналмаған жағдайда, компания акционерлерінің қайталама
жиналысы жоғарыда көрсетілген мекен-жайда 2015 жылдың 27 тамызында
сол уақытта өтетін болады.
Акционерлер осы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты
материалдармен компанияның атқарушы органының орналасқан жерінде
немесе 8 777 533 43 47 телефоны арқылы таныса алады.
[2015-07-24]