/ҚАЙТАЛАУ/ 28 шілде күні Қазақстан қор биржасында ВТБ Банк АҚ (Қазақстан) еншілес ұйымының KZP01Y05E715 (KZ2C00002715, BVTBb2) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

24.07.15 11:56
/KASE, 24.07.15, 20.07.15 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде 2015 жылдың 28 шілдесінде ВТБ Банк АҚ (Қазақстан) еншілес ұйымының (Алматы) KZP01Y05E715 (KZ2C00002715, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар", BVTBb2; 100 теңге, 20,0 млрд теңге; 17.07.14 – 17.07.19; тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. ---------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар түрі: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру номері: KZP01Y05E715 ISIN: KZ2C00002715 KASE сауда коды: BVTBb2 Номиналдық құны, теңге: 100,00 Шығарылу көлемі, млн теңге – тіркелген: 20 000,0 – орналастырылған: 8 528,8 Төлеу күні: 17.07.14 Айналымның басталу күні: 16.07.19 Айналымның соңғы күні: 17.07.19 Айналым мерзімі: 5 жыл (1 800 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 8,00 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні: жыл сайын 17 қаңтарда және 17 шілдеде Уақытша база: 30 / 360 ---------------------------------------------- ----------------------- Сауда-саттық күні: 28.07.15 Өтеуге дейінгі мерзім: 4,0 жыл (1 429 күн) Номинал бойынша жарияланған көлемі, млн теңге; 11 471,2 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға өтінім беру түрлері: нарықтық және шектелімді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінімдерді беру әдісі: жабық Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 11:30–12:30 Өтінімдерді растау кезеңі: 11:30–13:00 Кесімді уақыт: 14:30 Төлем күні: 28.07.15 Төлем уақыты: 14:30 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімді баға бойынша Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "Қазкоммерцбанк" АҚ (еншілес ұйымы) "Қазкоммерц Секьюритиз" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы: Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы: Corp_ST1 ---------------------------------------------------------------------- Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдары ретінде облигациялардың саны данамен көрсетілуі тиіс. Қаржы құралының саны өтінімде лот көлеміне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/BVTBb2 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2015-07-24]