"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

16.07.15 15:05
/KASE, 16.07.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), Биржаға ресми хат жолдап, келесіні хабарлады: цитата басы ... "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің уәкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқармасының шешімімен ... "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің толық құрамы жаңа мерзімге – 2015 жылдың 21 маусымынан бастап 1 (бір) жылға қайта сайланды. 1) Байдәулетов Нұржан Талипұлы – "Самұрық-Қазына" АҚ Активтерді басқару жөніндегі Бас директор, Жалғыз акционердің мүдделеріне өкілдік етуші; 2) Балапанов Ерік Жұмаханұлы, Жалғыз акционердің мүдделеріне өкілдік етуші; 3) Илькявичюс Адамас – "Самұрық-Қазына" АҚ Трансформация жөніндегі Бас директор, Жалғыз акционердің мүдделеріне өкілдік етуші; 4) Мамин Аскар Узакпаевич – "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы; 5) Дрю Джереми – тәуелсіз директор; 6) Кун Кристиан – тәуелсіз директор; 7) Сыздықов Тито Уахапұлы – тәуелсіз директор; 8) Шомоди Кальман – тәуелсіз директор; "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағалығына Байдәулетов Нұржан Талипұлы тағайындалды. цитата соңы [2015-07-16]